Қоғам
1 мин оқу 10

Шығармашылық меморандум

<p style="text-align: left;">Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы әлемдегі үш үздік шығармашылық оқу орнының бірі &laquo;University of Music and Performing Arts Vienna&raquo; Вена музыка және сахналық өнер университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.</p>

Шығармашылық меморандум

Аталған университет ғасырлар бойы әлемдік өнер мен академиялық дәстүрдің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Қазіргі кезде білім ордасында музыка, театр және кино салалары бойынша 3000-нан астам студент оқиды.

Меморандум аясында тараптар шығармашылық кадрларды кәсіби даяр­лау саласында ұзақмерзімді академиялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ халықаралық білім және мәдени байланыстарды нығайту бойынша келісімге келді.

Құжат бірнеше негізгі бағытты қамти­ды. Со­лардың бірі – акаде­мия­лық ұтқырлықты дамыту. Вокал, композиция, операға дирижерлік ету және аспаптық орындау (скрипка, фортепиано, үрмелі аспаптар және перкуссия) салаларын­да шығармашылық ынты­мақтастық мүмкін­діктері қарастырылған. Сонымен қатар музыкатану, этно­музыкатану, мәдениет менеджменті саласы бо­йынша бірлескен ғы­лы­ми зерттеулер жүр­гізу жоспарланған. Ынты­мақтастық аясында студенттер мен оқытушыларды халықаралық бағдар­ла­ма­ларға, оның ішінде «International Summer Academy mdw»-ге қатыс­ты­ру жоспарланған.

Бұған қоса білім, өнер және мәдениет са­ла­сын­дағы ұзақмерзімді жобаларды іске асыру мүм­кіндігі талқыланып жатыр.

Бөлісу:
Шығармашылық меморандум · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар