Алматы
1 мин оқу 10

Алматы зообағында билет бағасы өзгерді

<p style="text-align: left;"><strong>Бүгіннен бастап Алматы хайуанаттар бағына кіру билеттерінің бағасы өзгерді,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алматы зообағында билет бағасы өзгерді

Енді зообаққа кіру үшін ересектерге 1 427 теңге, балаларға 562 теңге болады. Бұрын ересектерге билет құны 800 теңге, ал балалар 300 теңге болатын.

Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды

− Бұл өзгерістер зообақтың болашағына арналған инвестиция. Біздің алдымызда — қолданыстағы қоршауларды реконструкциялау және жаңа, кең қоршаулар салу, жануарларды ұстау, инфрақұрылымы мен жағдайларын жақсарту, жаңа интерактивті, білім беру бағдарламаларын іске қосу жұмыстары күтіп тұр, − деп хабарлады зообақтан.​

Сондай-ақ Алматы хайуанаттар бағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге және оларға теңестірілген топтарға, зейнеткерлер, көпбалалы аналар, 7 жасқа дейінгі балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 18 жасқа дейінгі балаларға, қызметтегі әскери қызметшілер мен әскери академия курсанттарына кіру тегін екенін атап өтті.

Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады

Бөлісу:
Алматы зообағында билет бағасы өзгерді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар