Бизнес
1 мин оқу 10

«Парыз – 2026» байқауына өтінім қабылдау басталды

<p><strong>Кәсіпкерлердің&nbsp;әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған&nbsp;&laquo;Парыз &ndash; 2026&raquo; байқауына өтінім қабылдау басталды. Байқауға мемлекеттің акциялары мен жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар қатыстырылмайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Парыз – 2026» байқауына өтінім қабылдау басталды

Үздіктер 4 аталым бойынша анықталады: 

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл аталымда қызметкерлерін қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады;

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл аталымда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайын жасайтын үміткерлердің өтініші ескеріледі;

3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл аталымда еліміздің заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің тізімі басты назарға алынады.

Мемлекеттік сыйлыққа іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі жарияланды

Үміткерлер өтінімін 1 шілдеге дейін қағаз және электронды форматта жолдай алады.

Айта кетейік, бүгін Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа құжат қабылдау басталғаны да хабарланды.

Мәдениетке еңбек сіңіргендер: 2025 жылғы мемлекеттік стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды

Бөлісу:
«Парыз – 2026» байқауына өтінім қабылдау басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар