Медицина
1 мин оқу 70

Былтыр қанша медицина қызметкері біліктілігін арттырды?

<p><strong>Былтыр Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының мамандары &ndash; 1 165 мейіргер және 553 жалпы практика дәрігері, яғни 1 700-ден астам қызметкер оқытудан өткен, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Былтыр қанша медицина қызметкері біліктілігін арттырды?

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сонымен қоса жоғары оқу орындары мен колледждердің 1 108 оқытушысын оқыту маңызды нәтиже болды, бұл қазіргі заманғы даярлық стандарттарының тұрақты таралымын қамтамасыз етеді. Оқытудың басым бағыттары бойынша олардың санын нақты айтып өтсек, кеңейтілген практика мейіргерлерін даярлау – 173, медициналық ұйымдарды аккредиттеу – 213, пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру – 69, созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын енгізу – 5 өңірде 203 маман, заманауи симуляциялық технологияларды қолдану – 12 өңірде 553 маман оқытылған.

Аталған іс-шараларды іске асыру мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес келеді, кадрлық әлеуетті нығайтады, мамандардың тапшылығын азайтады және медициналық көмектің сапасын, әсіресе шалғай өңірлерде арттырады.

Дәрігерлер қауіпсіздігіне кепілдік беретін заң қабылданды

Бөлісу:
Былтыр қанша медицина қызметкері біліктілігін арттырды? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар