Астанада көпқабатты үйде болған өрттен 8 адам құтқарылды
<p><strong>Бүгін елордадағы Алматы ауданы Б. Момышұлы даңғылындағы 14 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатында орналасқан балконнан өрт шықты. ТЖМ өрт сөндірушілері қызыл жалынды өшіруге талпынып жатыр. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін балконның ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау мен өртті сөндіруге шұғыл кіріскен. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттан 8 адамды эвакуациялап, көрші пәтерден 2 бала құтқарылды. Өртті сөндіру жалғасып жатыр.