Инфляция
1 мин оқу 10

Қазақстанның 10 өңірінде инфляция бәсеңдеді

<p>Қазақстанда жылдық инфляция 10 өңірде баяулаған, 7 өңірде жеделдеген, ал 3 өңірде бұрынғы деңгейінде сақталған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстанның 10 өңірінде инфляция бәсеңдеді

2025 жылғы желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 13,5% болды (қарашада – 13,4%). Бұл тауарлар тобы бойынша ең жоғары баға өсімі Ұлытау облысында тіркелді – 16,5%, ал ең төмен көрсеткіш Алматы облысында қалыптасты – 11,8%.

Желтоқсан қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсім қарқыны 11,1%-ға дейін баяулады (қарашада – 11,2%). Ең жоғары мән Ақмола облысында – 13,2%, ең төмені Батыс Қазақстан облысында – 8,6% болды.

Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсімі желтоқсанда 12,0%-ға дейін төмендеді (қарашада – 12,3%). Бұл ретте республикалық орташа деңгейден едәуір төмен өсім Маңғыстау облысында байқалды – 8,7%.

Жалпы, Қазақстанда 2025 жылғы инфляция деңгейі 12,3%-ды құрады, ал желтоқсан айындағы инфляция – 0,9%.

Бөлісу:
Қазақстанның 10 өңірінде инфляция бәсеңдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар