Жаңалықтар
20 мин оқу 1,540
Тіл мен діл
Бүгін біздің студенттерімізге еліміздің басты байлықтары не деп сауал салсаңыз ең алдымен мұнай, газ, жер, пайдалы қазбалар алтын, соңғы кезде «инвестициялар», «инновациялар», кейбіреулері «ақша» дейді. Басқаша айтқанда, материалдық байлықты алға тартып, рухани-мәдени байлықтарды ескере бермейді.
«Біз, – деді, – Н.Назарбаев, – дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Басқа бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білу бір бөлек». Ең қымбат та қасиетті баға жетпес байлық – Тәуелсіздік. 105 жыл өмір сүрген қытайдың жоғары мәртебелі отбасының мұрагері У.Тунань (1884-1989 ж.ж.) ерекше қабілетті адам болған, бойындағы туа біткен аурудан өзінің ішкі энергия күшімен сауыққан. Оның керемет қабілеттері туралы әңгімелер көп. 1937 жылы университетте жұмыс жасап жүрген кезінде оқу орнының сейфінен бір жылға жұмсалатын қаржысы ұрланып кетіпті. Іздеушілер ол қаржының тауда тығылған бандының қолында екенін баяндайды. Бірақ оған тәуекел етіп ешкім бара алмайды. Жасы ұлғайған У.Тунань осы іске батыл кіріседі. Бандының талай тосқауылдарынан өтіп, өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында қарақшылардың бас мәжіліс залына өтеді. Бандының жетекшісі әйел екен. У.Тунань оған Жапониямен өз тәуелсіздігі үшін соғысып жатқан Қытайға білімді азаматтар қажет, ал ұрланған қаржы жастардың білім алуына жұмсалмаса, ел зиян шегеді деген. Атаман әйел «мен ең алдымен қытай әйелімін, сосын барып қарақшымын» деген екен. Сондықтан ақша ұрлағандарды іздетеді, оларды тапқаннан кейін өлім жазасына бұйырып, қаржыны университетке қайтарады. Қайту сапарында қымбат жүкті жеткізу үшін У-дың қасына қарулы күзетшілерді де қоса береді. Осылай елге қауіп төнгізген суыққол ел мүддесін ойластыра бастайды. («Наука-религия» 2013, №1, 54 бет). Адасып, кейін айыбын түсініп, ұлтына қызмет ету, ол да кісілік қасиет.
Ал тәуелсіздікті сақтау үшін сенім, келісім, тұрақтылық, түсіністік, әлеуметтік әділдік, ар, ұят, жауапкершілік деген ең қымбат, ақшаға сатып алмайтын құндылықта екенін кейде ойланбайтын сияқтымыз. Бір кездерде мұнай, газ, басқа да байлық сарқылар, болмаса бүгінгідей бағасы арзандар, ал кісілік, имандылық, өзара сыйластық қай заманда да құндылық болып қала береді. Елбасы қоғамдық келісімді, әсіресе, этносаралық түсіністікті әл-ауқаттың, қауіпсіздіктің тірегі деп өте орынды айтты. Сондықтан биылғы жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, өткенді саралап, болашаққа қадамдарымызды ойластыратын жыл болғалы тұр. Осыған орай тәуелсіздігімізді баянды ететін, барлық қазақстандықтардың басын біріктіретін мемлекеттік тіл – қазақ тілі төңірегінде бірқатар әлеуметтік-психологиялық мәселелермен бөліскенді жөн көрдік.
- Жаңа тілдік ахуал
- Қайшылықтар
- Тіл саясаты ерекшеліктері: Беларуссия және Қазақстан
- «Екі жақты» сана
- Тіл және діл
Бөлісу: