Әлем
1 мин оқу 40
Әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпаниялар анықталды
<p style="text-align: justify;"><strong>AirlineRatings сарапшылары сервистік қызмет көрсететін және бюджеттік (лоукостер) бағыттағы ең сенімді авиатасымалдаушылардың тізімін ұсынды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Рейтингті жасау кезінде бірнеше маңызды фактор негізге алынды:
- Жалпы рейстер санына шаққандағы авиациялық оқиғалардың көрсеткіші;
- Әуе паркінің (ұшақтардың) жасы;
- Пилоттардың дайындық деңгейі;
- Халықаралық қауіпсіздік тексерістерінің нәтижелері.
AirlineRatings басшысы Шарон Петерсеннің айтуынша, үздік 25 әуе компаниясының арасындағы қауіпсіздік айырмашылығы өте аз.
«Топ-25 тізіміне енген барлық компаниялар – әлемдік көшбасшылар. Сондықтан бір компания екіншісінен айтарлықтай қауіпсіз деп кесіп айту қиын», деп атап өтті Шарон Петерсен.
Толық сервис көрсететін ең қауіпсіз әуе компаниялары:
- Etihad (БАӘ)
- Cathay Pacific (Гонконг)
- Qantas (Австралия)
- Qatar Airways
- Emirates
Ең қауіпсіз лоукостерлер (бюджеттік тасымалдаушылар):
- HK Express (Гонконг)
- Jetstar (Австралия)
- Scoot (Сингапур)
- flydubai
- EasyJet (Ұлыбритания)
Бөлісу: