Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін
<p><strong>Алматыдағы Есентай өзенінде қауіпті жағдай сақталып отыр – қатты аяз бен мұздың жиналуына байланысты мұзды су селі қайта жүру қаупі бар. Бұл туралы бүгін «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Гидрометеорологиялық қызметтің мәліметінше, 18 қаңтарда Кіші Алматы өзені алабына жататын Есентай өзенінде шағын су-мұзды сел қалыптасқан. Оған төмен ауа температурасы мен өзен арнасында мұздың белсенді түзілуі әсер еткен.
«Есентай өзенінің арнасында мұз түзілімдерінің басым бөлігі сақталып, судың көп жиналуы байқалып отырғандықтан, су-мұзды селдің қайта қалыптасу қаупі бар», делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Алматыда ауа температурасы нөлден төмен деңгейде сақталады. 21 қаңтарда күндіз -3...-5 градусқа дейін, ал түнде -11...-13 градусқа дейін төмендейді. Келесі қар 22 қаңтарда жауады деп күтіліп отыр.