Спорт
1 мин оқу 21

Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?

<p><strong>Бұқаралық шаңғы жарысы 24 қаңтар күні ұйымдастырылады. Жарыс сағат 10:00-де Орталық саябақтағы шаңғыроллер жолында басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p> <p>&nbsp;</p>

Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?

Іс-шара шеңберінде спорттың 4 түрі бойынша жарыстар өтеді. Атап айтқанда: қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс, белбеу күресі.

Бұқаралық спортты дамытудың нақты қадамдары

Қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербайдың айтуынша, бұл жарыс дәстүрге айналған. Негізгі бәсеке – шаңғы жарысы. Ол 16 жас ерекшелік санаты бойынша қыздар мен ұлдар арасында өткізіледі.

«Қашықтықтар 500 метрден бастап 1 және 2,5 шақырымға дейін белгіленген. Қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-де басталып, жалпы старт 11:00-де беріледі. Барлық жарыстарға қатысу тегін. Барша тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз», деді Ержігіт Өсербай.

Батыс Қазақстанда бұқаралық спорттың бәсі биік

Аталған іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтеді.

Қай өңір тұрғындары бұқаралық спортпен белсенді айналысады

Бөлісу:
Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар