Кімдерге 6 ай бойы әлеуметтік төлем беріледі?
<p><strong>Былтыр жұмысынан айырылған 354,2 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) осы мақсатта 130,4 млрд теңге жұмсалған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жұмысынан айырылуға байланысты өткен жылы 311,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскер төмендегі әрекеттерді орындау керек:
- eGov.kz порталына тіркелу;
- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
- Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық бос жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
- Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);
Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін-өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?
Жұмыссыз ретінде тіркелсеңіз министрліктің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Осы қадамдар орындалған жағдайда төлем автоматты түрде тағайындалады.