Аймақтар
1 мин оқу 30

Еліміздің төрт өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

<p>26 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының оқушылары онлайн оқу форматына көшірілді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еліміздің төрт өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

Бүгін Қостанай облысында ауа температурасы -28…-30°C дейін төмендеп, екпінді жел соғады деп болжанып отыр. Осыған байланысты өңірде бірінші ауысымда білім алатын 1-11 сынып оқушылары мен студенттер қашықтан оқиды. 

Орал қаласында да -25°C аяз болатыны болжанған. Сондықтан бірінші ауысымның 1-4 сыныптарында сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылған.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райының қолайсыздығына байланысты павлодарлық бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары онлайн оқиды.

«Қазгидромет» РМК Көкшетауда қар жауып, бұрқасын болатынын болжады. Осыған байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ онлайн өткізіледі.

 Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бөлісу:
Еліміздің төрт өңірінде оқушылар қашықтан оқиды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар