Ауа райы
1 мин оқу 34

Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

<p><strong>Қазгидромет 27-29 қаңтар аралығында күтілетін ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері оңтүстік циклон шығысқа қарай жылжып, еліміздің басым бөлігін қамтиды. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

Синоптиктердің болжамынша, циклон өткен аймақтарда боран соғып, көктайғақ құбылыстары байқалады. Ал антициклонның ықпалы елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық бөлігінде сақталады. Бұл аймақтарда аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.

Батыс және солтүстік облыстарда түнгі ауа температурасы -20…-35°C шамасында болып, аязды ауа райы сақталады. Кейіннен температураның жоғарылауы күтіледі: батыс пен солтүстікте түнде -7…-20°C, күндіз -2…-12°C болады.

Ал республиканың орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында түнгі температура -3…-18°C, таулы аймақтарда -15…-23°C, күндіз 0…-7°C. Ал таулы өңірлерде -8…-15°C шамасында болады.

Бөлісу:
Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар