Үкімет
1 мин оқу 20

«Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы бекітілді

<p>Үкімет дауыс беру қорытындысы бойынша &laquo;Қазақстан балалары&raquo; бірыңғай тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы бекітілді

Тұжырымдаманы бекіту барысында Премьер-министр балаларға жан-жақты қамқорлық жасау – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екеніне тоқталып, тиісті министрлікке бірқатар тапсырма берді. 

«Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесіп, Тұжырымдамадағы барлық іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. Бұған қоса бала құқықтары жөніндегі уәкілмен тиімді өзара іс-қимылды жолға қою керек. Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру бойынша ақпараттық науқанды ұйымдастырып, жоспарланған іс-шаралар мен олардың орындалуы туралы халықты ашық әрі түсінікті жолмен хабардар етіп отырсын», деді Олжас Бектенов.

Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға бекітілді.

Еске салайық, Олжас Бектенов Үкімет отырысында балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтану мәселесін көтерді.

Бөлісу:
«Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар