Қоғам
1 мин оқу 10

«Ақ жол арулары» әйелдер қанаты құрылды

<p style="text-align: left;">&laquo;Ақ жол&raquo; демократиялық партиясында әйелдер қанаты құрылды. &laquo;Ақ жол арулары&raquo; алғашқы республикалық форумында олардың әйелдер мен балалар құқығын қорғау, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, жалпы әлеуметтік салаларды дамытуға күш салатынын айтты.</p>

«Ақ жол арулары» әйелдер қанаты құрылды

Форумда елдің әр өңірінен келген «Ақ жол» партиясының 200-ге жуық көшбасшы әйелі бірігіп, еліміздің қазіргі саясаты мен экономикадағы рөлін тал­қы­­лады. Сондай-ақ олар әйелдер кә­сіп­­керлігін қолдау стратегияларын әзірлеп, әйелдердің қоғам­дық-саяси өмірге кеңінен қатысаты­­нын айтты. Форум аясында пар­­тия­ның Ұлттық кеңесінің оты­ры­сы да өтті. Онда Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларға шолу жасалып, онда айтылған мәселелердің шешімін табуға «Ақ жолдың» әйелдер қауымы белсене кіріспек.

Қазір партия құрамының 40 пайы­зын әйелдер құрайды. «Ақ жол арулары» Әйелдер қанаты­ның төрайымы, Парламент Мәжі­лі­сі­нің вице-спикері Дания Еспаева­ның айтуынша, «Ақ жол ару­лары» форумы әйелдерді сая­сат­қа тартып, қоғамдық, эконо­ми­к­а­лық тұрғыда белсенді болуға шақы­­ратын алаң. Онда әйел көш­бас­­ш­ы­­лығына үлкен қолдау көрсетіледі.

«Ақ жол» демократиялық пар­тия­сы­ның әйелдер қанаты форумын маңызды саяси қадам ретінде қарастыру керек. Ол формал­ды түрдегі құрылым немесе имидж­дік жоба емес, бұл – әйелге деген партия көзқарасын білдіреді. Әйелдер қанаты да бұл – партиямыздағы әйелдердің Парламентпен тіке­лей диалог орнату арнасы, өңірлер­ден келіп түсетін және күнделік­ті өмірдегі бастамаларды қалып­тастыру тетігі», деді Д.Еспаева.

Партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев партия­дағы әйелдердің үлесі жоғары еке­нін айтып: «Қаншама мықты, білім­ді, тәжірибелі ер жігіттер болса, қыз­дарымыз одан кем емес. Олар­дың ортақ ісімізге қосқан үлесі ерекше», деп атап өтті А.Перуашев. 

Бөлісу:
«Ақ жол арулары» әйелдер қанаты құрылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар