Қазақстан «Лукойл» компаниясына қатысты АҚШ-қа хат жолдады
<p>Қазақстан АҚШ-қа «Лукойлдың» елдегі жобалардағы үлесіне қатысты ресми өтініш жолдады. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Егер Қазақстандағы «Лукойл» активтері сатылатын болса, қолданыстағы заңнама аясында бізде осы үлесті басым құқықпен сатып алу мүмкіндігі бар. Осыған байланысты Энергетика министрлігі OFAC-қа тиісті өтініш жолдады», деді Е. Ақкенженов.
Министрдің айтуынша, «Лукойл» 2025 жылғы қазанда АҚШ санкция енгізгеннен кейін шетелдегі активтерін сату туралы шешім қабылдаған.
OFAC – АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы.
Лондонның Ресейге санкциясы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?