Ән
1 мин оқу 10

Елордада фортепиано кеші өтті

<p><strong>Роза Бағланова атындағы &laquo;Қазақконцерт&raquo; мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі көрерменге фортепиано музыкасының кешін ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</strong></p>

Елордада фортепиано кеші өтті

Концерттік бағдарламада Д.Шостаковичтің №2 концерті, С.Рахманиновтың таңдамалы прелюдиялары және А. Скрябиннің этюдтері орындалды.

Музыка кешінде Ресей және Башқұртстанның Халық әртісі, П.И.Чайковский атындағы және Лидстегі беделді халықаралық байқаулардың лауреаты – Владимир Овчинников, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының профессоры, беделді халықаралық конкурстардың жеңімпазы және мәртебелі «Steinway Artist» атағының иегері – Юрий Богданов өнер көрсетті.

Еске салайық, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі 1991 жылы Қазақстан Республикасының Халық әртісі, оркестрдің көркемдік жетекшісі Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылған еді.

Бөлісу: