Өнер
2 мин оқу 10

Димаштың ерекше бастамасы

<p style="text-align: left;">Биыл 5 ақпанда Қытайдың беделді &laquo;Hunan TV&raquo; телеарнасында Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асқан халықаралық музыкалық жоба &ndash; &laquo;Voice Beyond Horizon&raquo; бағдарламасының ресми премьерасы өтеді.</p>

Димаштың ерекше бастамасы

«Voice Beyond Horizon» – музы­ка арқылы халықтарды жақын­дастырып қана қоймай, еліміздің табиғи байлығы мен туристік әлеуетін әлемнің миллиондаған көрерменіне танытатын ауқымды мәдени жоба. Бағдарлама Қытай­дың ірі медиахолдингі «Hunan Broadcasting System» компаниясымен бірлесіп дайындалды.

Жобаның басты ерекшелігі – түсірілімдер түгелдей еліміздің турис­тік локацияларында өтті. Атап айтсақ,  Түркістан, Маңғыс­тау, Алматы, Ақмола облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы сынды ауқымды алты туристік өңірді қамтыды. Қатысушылар көне Түркістан шаһарының рухани келбетін, Бозжыра шатқалы­ның ғажайып көріністерін, Каспий теңізінің жағалауын, табиғи інжу-маржанға баланған Қайыңды мен Көбейтұз көлдерін, Саты ауылы мен Қапшағай суқоймасын, сонымен қатар Шортанды-Бурабай курорттық аймағын аралады.

Бағдарламаға елімізден бөлек, Қытай, Қырғызстан, Италия, Ма­лай­зия, Сербия мемле­кеттері­нің өнерпаздары қатысты. Өткен жылдың қыркүйек айында олар еліміздің табиғаты әсем, тарихи өңірлерін аралап, 7 мың шақы­рымнан астам жол жүріп өтті. Әр сапар музыка, табиғат һәм мәде­ниеттің үйлескен ерекше көрі­нісіне айналды.

Айтулы жобаның жүзеге асуына «Kazakh Tourism» ұлттық ком­паниясы, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министр­ліктері, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау облыс­тары­ның әкімдіктері қолдау көр­сетті. Демеушілер қатарында «Qarmet», «Қазақмыс», «Алтын Алмас» компаниялары мен Нұрлан Смағұлов қоры бар.

Жобаның ресми көрсетілімі Қытайда аудиториясы 1,9 мил­лиард­­тан асатын «Hunan TV» телеарнасы мен «Mango TV» цифр­лық плат­формасында өтсе, бағдар­ла­маны отандық көрермен қауым ақпан айында «Qazaqstan» ұлттық теле­арнасынан тамашалай алады.

Бөлісу:
Димаштың ерекше бастамасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар