Білім
1 мин оқу 20
1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды
<p><strong>Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдары елімізде шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 3 008 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған.
2023-2025 жылдар қорытындысы бойынша:
- 369 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді;
- 1 817 мектепте ағымдағы жөндеу жасалды;
- 2 917 пәндік кабинет сатып алынды;
- 1 697 мектепте жиһаз жаңартылды;
- 2 413 мектептің кітапханасы жаңғыртылды;
- 1 401 мектептің асханасы жаңартылды;
- 1 705 мектепте қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.
Сонымен қатар 2023-2025 жылдары 2 752 мектеп үшін 4 320 пәндік кабинет сатып алынды, оның ішінде:
- 2023 жылы – 1 072 мектеп (1 507 кабинет);
- 2024 жылы – 920 мектеп (1 621 кабинет);
- 2025 жылы – 760 мектеп (1 192 кабинет).
Бұл жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды.
Бұдан бөлек мектеп инфрақұрылымының бірыңғай заманауи форматына көшу үшін 2029 жылға дейін 1 300-ге жуық мектепті реновациялау бағдарламасы басталды.
Бөлісу: