Қоғам
1 мин оқу 90

Наурыз айында ел тұрғындары қанша күн демалады?

<p data-path-to-node="3"><strong>8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, 9 наурыз күні қосымша демалыс беріледі. Ал Наурыз мерекесінде азаматтар қатарынан бес күн демалады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Наурыз айында ел тұрғындары қанша күн демалады?
  • Бес күндік жұмыс аптасында: 13 демалыс және 18 жұмыс күні;

  • Алты күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс және 22 жұмыс күні.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 2026 жылы 8 наурыз жексенбіге сәйкес келеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 9 наурызға ауыстырылады.

2026 жылы ел тұрғындары қанша күн демалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы елімізде ресми түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбіге сәйкес келуіне байланысты, демалыс күндері келесі аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндеріне (24-25 наурыз) ауыстырылады.

  • Бес күндік жұмыс аптасында: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз – қатарынан 5 күн демалыс.

  • Алты күндік жұмыс аптасында: 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс, ал 25 наурыз – жұмыс күні.

Бөлісу:
Наурыз айында ел тұрғындары қанша күн демалады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар