Ғылым
1 мин оқу 20

Саясат Нұрбек Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне қабылданды

<p><strong>Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне ресми түрде қабылданды. Қабылдау рәсімі Ұлыбританияның Лордтар палатасында өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Саясат Нұрбек Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне қабылданды

Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне қоғам қызметін дамытуға үлес қосқан адамдар қабылданады. Бұл ұйымға министрдің қабылдануы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін мойындау болып саналады.

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Сертификатты Британ-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудман табыс етті. Салтанатты шараға сондай-ақ Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Салли Эксуорси, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілік істеріндегі уақытша сенімді өкілі Руслан Карабулов пен Ұлыбритания Королінің өкілі Лорд Бреннан қатысты.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара сенім мен серіктестік жоғары деңгейде.

БАӘ өз азаматтарының Ұлыбританияда оқуын қаржыландыруды тоқтатты

Бөлісу: