Жаңалықтар
1 мин оқу 252

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аманжол Қазыбекұлы Жанқұлиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылды.

* * *

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметінен;

Дина Мэлсқызы Шәженова Қазақстан Республикасы Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Хроника · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар