Қасым-Жомарт Тоқаев испан халқына бақ-береке тіледі
<p><strong>Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған.
Мемлекет басшысы Премьер-министр Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады