Оқиға
1 мин оқу 10
«Үшарал – Достық» жолы жабылды: Қозғалыс қашан жанданады?
<p><strong>Ауа райының нашарлауына байланысты бүгінгі сағат 11:30-да Жетісу облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырымы тұсы жабылды. Бұл – Көктұма ауылынан Достық станциясына дейінгі аралық. Қозғалыс шектеуі – көліктің барлық түрлері бойынша енгізілді.
Аталған жол бөлігін ашу 2 ақпан күні сағат 08:30-ға жоспарланған.
«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Бөлісу: