Жаңалықтар
1 мин оқу 570

Израиль өнертапқышы ерекше велосипед ойлап тапты

25-13-15-veloАСТАНА. 25 наурыз. Израиль инженері Зив Брош деген азамат шынжырсыз жүретін велосипед ойлап тапты. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады. Пішімі бөлек велосипедтің кәдімгідей екі дөңгелегі, отыратын орны, рөлі мен қозғалтқыш тепкіші бар, бірақ шынжыры жоқ. Жаңа типтегі велосипедтің екі дөңгелегі, отыратын орны, рөлі мен тепкіші бар, бірақ ең бастысы-шынжыры жоқ. Қазір оның түпнұсқасы құрастырылып біткен. Ол негізінен тепкіш арқылы іске қосылатын май насосы арқылы қозғалатын көрінеді. Зив Брош шынжырсыз жүретін алғашқы 100 велосипедті шығаруды жоспарлап отыр екен. Сондықтан, Брошқа 40 мың АҚШ доллары қажет болып тұр. Өнертапқыш бүгінде керекті соманы жинауды бастапты. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: «Хабар» телеарнасы.
Бөлісу:
Израиль өнертапқышы ерекше велосипед ойлап тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар