Ауа райы
1 мин оқу 20

Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

<p><strong>Қазақстанда ақпан айының алғашқы күні аймақтар арасындағы климаттық айырмашылықты айқын көрсетеді. Елдің солтүстігі мен орталығында қыс өз күшінде сақталса, оңтүстік пен батыста ауа райы біртіндеп жылына бастайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Астана, Павлодар, Көкшетау, Петропавл және Қостанай қалаларында жауын-шашынсыз, бірақ аязды ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы -3…-12 градус шамасында болады, ал түнде аяз күшейіп, -15…-23 градусқа дейін төмендейді. Ал Павлодарда термометр бағаны -23 градусқа дейін түсуі мүмкін.

Қарағанды мен Жезқазғанда ауа райы күндіз -5…-7, түнде -13…-15 градус шамасында болады.

Өскемен мен Семейде жауын-шашын болмайды, алайда кей уақыттарда тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы -3…-5, түнде -14…-16 градусқа дейін төмендейді. Таңғы және түнгі мезгілде жолдағы көріну қашықтығы нашарлауы ықтимал.

Батыс Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Орал қаласында қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Күндіз -2…-4, түнде -6…-8 градус болады. Атырауда қар аралас жауын-шашын түсуі мүмкін, температура 0…-2, түнде -5 градусқа дейін төмендейді.

Ақтауда елдегі ең жылы ауа райы сақталады: күндіз +5…+7, түнде 0…+2 градус.

Оңтүстік аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай көтеріледі. Шымкент пен Түркістанда термометр бағаны күндіз +7…+13, түнде +1…+3 градус дейін жетіп, жаңбыр жауады. 

Таразда түнде қар жауып, күндіз жаңбырға ұласуы мүмкін. Күндіз +6…+8, түнде 0…-2 градус болады.

Алматы, Қонаев және Талдықорғанда жауын-шашын күтілмейді. Алматыда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +2…+5, түнде -2…-9 градус аралығында болады.

Бөлісу:
Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар