Мереке
1 мин оқу 40
Наурыз айында ел тұрғындары қатарынан бес күн демалады
<p><strong>Биыл наурыз айында мерекелерге байланысты ел тұрғындары қосымша төрт күн демалады. Оның ішінде үш мерекелік күн демалыс күндеріне сәйкес келіп, басқа күндерге ауыстырылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз биыл жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты мерекелік демалыс 9 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде ел тұрғындары 7, 8 және 9 наурызда қатарынан үш күн демалады.
Наурыз мейрамы – 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан 24 және 25 наурыз демалыс күндері болып жарияланады. Осылайша, Наурыз мейрамында азаматтар 21-25 наурыз аралығында қатарынан бес күн демалады.
Бөлісу: