Атырауда кәсіпкерлер жұмысшылармен міндетті сақтандыру шартын жасамаған
<p><strong>Исатай аудандық прокуратурасының қызметкерлері 7 кәсіпкерлік субъектісінде жұмысшылармен жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарты жасалмағанын анықтады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабардар еткендей, жұмыс берушілер тарапынан 45 жұмысшының құқығы бұзылған. Жұмысшылар құрылыс және денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді.
«Аталған дерек Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына, сондай-ақ Еңбек кодексінің талаптарына қайшы келеді. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлі тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір 45 жұмысшы міндетті сақтандырумен қамтамасыз етілді», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.