Өнер
4 мин оқу 120

Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді

Астанада Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Сәлем саған,туған ел» музыкалық кеші өтеді. Мерекелік іс-шара Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында танымал композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендері иегерінің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді

Концерттік бағдарламада композитордың ел жүрегінен орын алған таңдаулы шығармалары орындалып, оның ұлттық өнерге қосқан өлшеусіз үлесі мен тағылымды шығармашылық жолы кеңінен таныстырылады. Атап айтқанда, «Сәлем саған, туған ел», «Ойлайсың ба, жаным», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Ғашықтар жыры», «Қарағым-ай, «Анаға хат» және тағы басқатуындылары көрермен назарына ұсынылады.

Іс-шараға Нұрлан Өнербаев, Жеңіс Ысқақова, Құрмаш Махан, Бауыржан Исаев, Ербол Тәжібаев, Алтыншаш Мұқатаева, Әділжан Толықпаев, Анна Уварова, Асқар Мұқият, Әділхан Макин, Зарина Макина, Ерлан Рысқали, Перизат Тұрарова, Қуандық Шалқарұлы, Асылхан Шалқаров, Алибек Альмадиев, Нұрай Мықты, Ибрахим Амин, Сұлтан Ахмет, Айым Қоғам, Венера Табыс, «Saz&Soul» тобы, «Астана» эстрадалық симфониялық оркестрі,  G-бэнд, «Gulder» ансамблі сынды Қазақконцерттің өнер жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдары қатысады. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сембек Жұмағалиев, Алтынай Жорабаева, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Ержан Исин және Ресей халықәртісі, дирижер, джаз пианисі, «Фонограф-Симфо-Джаз» оркестрінің жетекшісі Сергей Жилин өнер көрсетеді.

Кеңес Дүйсекеев қазақ музыка өнерінің алтын қорына енген бірегей туындылардың авторы, ұлттық рух пен заманауи әуенді шебер ұштастырған көрнекті композитор. Оның шығармашылық мұрасында «Толғау» симфониясы, «Жалаңтөс батыр» симфониялық поэма-картинасы, «О, дүние» кантатасы, «Жыл мезгілдері» романстар циклі, сондай-ақ «Жан әке», «Қарағым-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Өкінбе сен», «Ғашықтар жыры» және т.б. кеңінен танымал музыкалық шығармалары бар. Сонымен қатар композитор «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклдерінің, «Алдар көсе» опереттасы, симфония-концерт пен түрлі аспаптарға арналған концерт, камералық оркестрге арналған шығармалармен 200-ден астам әннің авторы.

Кеш 10 ақпан күні сағат 18:00 Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МАКҰ-да өтеді.

Бөлісу:
Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар