Қоғам
2 мин оқу 30

Қонақта – Асқар Алтай

<p style="text-align: left;">Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде &laquo;Кәусар&raquo; мәдени-танымдық бір&shy;лес&shy;тігінің ұйымдастыруымен жазушы Асқар Алтаймен &laquo;Қазақ прозасындағы мифология мен мистицизм&raquo; атты шығармашылық кездесу өтті. Автормен жүздесуге асық&shy;қан оқырман көкейде жүр&shy;ген сұрақтарын қойып, туындыларын талдады.</p>

Қонақта – Асқар Алтай

«Кәусар» мәдени-танымдық бір­лес­­тігінің жетекшісі, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Кенжеғали Мыржықбай кеш қонағының өмір жолымен қысқаша таныстыра келіп, жиынның мақсатына тоқталды.

«Бүгінгі кештің мақсаты – сту­дент-жастарға жазушының шығар­машылығы мен еңбек жолын кеңі­нен таныстыра отырып, отансүйгіш­тік пен ұлтжандылыққа баулу және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту», деді бірлестік жетекшісі.

Иә, автордың мектеп оқып жүр­ген­де жазылған «Қызбейіт», «Құлан­ның ажалы» әңгімелерінен басталған шығармашылығы оқырманға кеңі­нен таныс. Сыншы ретінде де ұлттық әдебиетіміздің алуан түрлі мәселесін қамтып, өзекті жайларына тоқталған көптеген мақаласын оқыдық.

Жазушы қазіргі қазақ прозасын­дағы мифологиялық сарындар мен мистикалық элементтердің көркем­дік қызметі туралы ой бөлісіп, әде­би үдерістерге қатысты пікірін ортаға салды. Балалар әдебиеті, тіл мәдениеті, әдебиет сыны, кітап оқу тақырыптарына да тоқталды. Сондай-ақ білімге ұмтылудың маңызын атап өтті.

«Студенттерді көріп, өзімнің жас­тық шағым көз алдыма келді. Ең бас­тысы, білімге ұмтылу, қалған дүние өзі келеді. Білімнің бастауы – ұстаз. Мен Серік Қирабаев, Мұхтар Мағауин, Нығмет Ғабдуллин, Серік Мақпырұлы сынды көрнекті ұстаздардан тәлім алдым. Бұл тұлғалардың адам болып қалып­тасуымда, қаламгерлік жолға тү­суімде орны ерекше. Сіздер де Еуразия ұлттық университетінде білім алып, ұстаздарыңыздың бағыт-бағдарымен үлкен жетістіктерге жетесіздер деп сенемін», деді Асқар Алтай.

Кездесу аясында филология факуль­тетінің студенттері Асқар Алтай шығармаларынан үзінділер оқып, шығармашылық қабілетін көрсетті. Профессор Жантас Жақып­, ақын Айтбай Сәулебек, жазушы Толымбек Әбдірайым автор шығармалары туралы ой бөлісті.

Жиын соңында студенттермен сұрақ-жауап сессиясы өтті.

Бөлісу:
Қонақта – Асқар Алтай · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар