Ипотека
2 мин оқу 30

Жеңілдетілген ипотекаларға өтінім қабылдау қашан басталады?

<p><strong>Алматыдағы &laquo;Отбасы банк&raquo; Алматы филиалының бизнесті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Шах-Мұхамед Жақан 2026 жылы іске асатын негізгі ипотекалық бағдарламалар мен өтінім қабылдау мерзімдерін атады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жеңілдетілген ипотекаларға өтінім қабылдау қашан басталады?

«Наурыз» бағдарламасы

Өтінім қабылдау наурыз айына жоспарланған. Пайыздық мөлшерлемесі:

  • 7% – әлеуметтік санаттар үшін,
  • 9% – қалған азаматтар үшін.

Бастапқы жарна: 10% (аяқталған құрылыс), 20% (бітпеген құрылыс үшін).

Несиенің ең көп сомасы Алматы мен Астанада – 36 млн теңге, өзге өңірлерде – 30 млн теңге. Мерзімі – 19 жыл.

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы 5 жылда тұрғын үйіңіз болмауы керек. 6 айлық ресми табыс пен зейнетақы аударымдары міндетті және депозитте кемінде 2 млн теңге болуы қажет.

«Ұмай» – әйелдерге арналған ипотека

Бағдарлама жақын уақытта іске қосылады. Тек әйелдер қатыса алады. Отбасылық жағдайы мен үйінің бар-жоғы маңызды емес. Міндетті шарт – соңғы 6 айда ресми табыстың болуы.

Пайыздық мөлшерлемесі – 15%, кейін 5-3,5%-ға төмендейді. Несие 50 млн теңгеге дейін беріледі.
Мерзімі – 25 жыл.

Депутат әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ипотека беру шарттарын жеңілдетуді ұсынды

«Алматы жастары»

Бұл 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама.

  • Мөлшерлеме – 5%.
  • Бастапқы жарна – 10%.
  • Несие: 20 млн тг-ге дейін.

Бағдарлама басқа аймақтарда да қолжетімді.

«Наурыз Әскери»

Әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне арналған жаңа бағдарлама.

  • Мөлшерлеме: 9%. 8 жылдан кейін 5%-ға түседі.
  • Бастапқы жарна: 0-50%.
  • Несие сомасы: Алматы мен Астанада – 36 млн теңге, басқа өңірлерде – 30 млн теңге.
  • Егер жарна 20%-дан асса, 80 млн теңгеге дейін алуға болады.

Қазақстанның ипотекалық нарығы: Реформа алдындағы үзіліс

Бөлісу:
Жеңілдетілген ипотекаларға өтінім қабылдау қашан басталады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар