Өнер
1 мин оқу 40

Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды

<p>Астанада Ұлттық музейде Суретшілер одағының мүшелерінің қатысуымен Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған &laquo;Ата заң &ndash; жарқын өмір кепілі&raquo; атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды басқосуға 60-тан астам қатысушы жиналып, шығармашылық қауым өкілдері Ата заңның жаңа жобасын қолдайтындарын жеткізді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген көрнекті суретші, «Астана қаласы Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Өмірәлі Исмаилов Конституцияның қоғам өміріндегі маңызына тоқталды.

Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады

«Ата заң – жарқын өмір кепілі» тіркесі жай ғана ұран емес. Ол қоғам дамуының іргетасын қалайтын негізгі құндылықтарды, адам қадір-қасиетін, еркіндік пен жауапкершілікті айқындайды», деді ол.

Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды

Жиында Ақмарал Ибраева, Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, жаңа Конституция жобасының мазмұнына ерекше назар аударды.

«Конституция – мемлекеттің тұрақтылығының, болашағы мен кепілінің негізі. Жаңа жобаға өнер, ұлттық құндылықтар және тарихи-мәдени мұраға қатысты маңызды ұғымдардың енуі – аса құнды бастама», деді ол.

«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды

Дөңгелек үстел барысында танымал суретшілер Жаңа Конституция жобасына қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, оның Қазақстанның дамуына, әсіресе өнер мен мәдениет саласына тың серпін беретініне сенім білдірді. Қатысушылар конституциялық реформалардың рухани кеңістікті жаңғыртудағы мәнін де ерекше атап өтті.

Бөлісу:
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар