Олимпиада-2026: Алғашқы жарыс күнінде кімдер өнер көрсетеді?
<p><strong>7 ақпан күні Милан-Кортина Олимпиадасы басталады. Алғашқы жарыс күнінде алты отандасымыз екі спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </strong></p>

7 ақпанға арналған жарыс кестесі (Астана уақытымен):
17:00 – Шаңғы жарысы (Скиатлон, әйелдер)
Ақ Олимпиаданың алғашқы бәсекесінде шаңғышыларымыз бақ сынайды:
• Дарья Ряжко;
• Надежда Степашкина;
• Анна Мельник;
• Ксения Шалыгина.
Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
20:00 – Конькимен жүгіру (3000 метр, әйелдер)
Мұз айдынында ел намысын мына спортшылар қорғайды:
• Елизавета Голубева;
• Надежда Морозова.
Еске сала кетейік, Қысқы Олимпиада ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.