Оқиға
1 мин оқу 10

Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

<p><strong>Құқық қорғау органдары тергеу барысында күдікті тұлғалардың анықталып, ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</strong></p>

Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 ақпанда Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне Семей қаласында қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған жаңа туған қыз баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы келді. Алғашқы іс-шаралар барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, нәресте өлі туған», делінген хабарламада.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің мәйітін контейнерге тастаған тұрғын анықталды.

Елімізде нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

Бұл факт бойынша тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Жаңа туған нәрестелерді сатпақ болған: министрлік адам саудасына қатысты 39 фактіні анықтады

Бөлісу: