Оқиға
1 мин оқу 30

Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

<div class="description"><strong>ТЖМ қызметкерлері өткен жеті тәулік ішінде қар құрсауында қалып қойған 100-ге жуық адамды эвакуациялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</strong></div>

Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

Ауа райының нашарлауына байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарып, сондай-ақ 18 автокөлікті шығарды.

Айта кетейік, ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы ақпарат халыққа СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы жеткізіледі.

«ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендемеуге кеңес береді», делінген ведомство хабарламасында.
Бүгін ауа райы қандай болады?
Бөлісу:
Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар