Байқау
1 мин оқу 20

UAE SWAT Challenge: Қазақстан командалары турнирдің барлық жүлделі орындарын иеленді

<p>UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің үшінші күні Қазақстан командалары елге ерекше қуаныш сыйлады. &laquo;Офицерді құтқару&raquo; тапсырмасы бойынша барлық үш жүлделі орын Қазақстан өкілдеріне бұйырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

UAE SWAT Challenge: Қазақстан командалары турнирдің барлық жүлделі орындарын иеленді

«Kazakhstan A» командасы бұл кезеңді рекордтық уақыт – 2 минутта орындап, турнирлік кестеде көш бастады. Екінші орынды «Kazakhstan B» иеленсе, қола жүлде «Kazakhstan C» командасына бұйырды.

Сонымен қатар тағы екі қазақстандық команда үздік 20-лықтың қатарына кірді. «Kazakhstan D» 19-орында тұр, ал одан кейін «Tomiris» қыздар командасы орналасқан. Әйелдер командасы өздерінің ең үздік нәтижесін қайталап қана қоймай, бірқатар ер құрамасынан да жоғары нәтиже көрсетті.

д

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша «Kazakhstan C» командасы жалпы есепте бірінші орынды берік ұстап тұр. Екінші орында – «Kazakhstan A» командасы.

Осылайша, қазақстандық арнайы жасақ 48 елден келген 109 команда бақ сынап жатқан элиталық халықаралық турнирде көш бастап келеді.

о

Айта кетейік, алда UAE SWAT Challenge сайысының тағы екі кезеңі бар.

Айта кетейік, Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімше командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирін жеңіспен бастағанын хабарлаған едік. 

Бөлісу: