Шымкентте жалдамалы пәтерден үш адамның мәйіті табылды
<p>Шымкентте жалдамалы пәтерден екі әйел мен бала өлі күйінде табылды. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше олар көмірқышқыл газына уланып қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құтқару қызметін көршілері шақырған. Олар алдымен өздері пәтер иелерінен хабар алуға тырысқан. Алайда олардың әрекеті нәтижесіз болған.
Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды
112 пультіне хабарлама 8 ақпан күні сағат 16:36-да түскен.
«Шымкент қаласындағы «Күншығыс» шағын ауданында бір отбасының ұзақ уақыт бойы есік ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жіберілді», делінген ТЖД хабарламасында.
Құтқарушылар пәтерден үш адамның мәйітін тапқан.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.