Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз 6 спорт түрінен жүлдеге таласады
<p><strong>10 ақпан күні XXV қысқы Олимпиада ойындарының жарыс жолына бірқатар спортшымыз шығады. Отандастарымыз бақ сынайтын сайыстарды Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ел спортшылары бақ сынайтын бәсекелердің Қазақстан уақытымен ұсынылған жарыс кестесі:
13:15 – Шаңғы жарысы, спринт (ерлер мен әйелдер).
Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.
14:30 – Шорт-трек: 500 м (әйелдер, іріктеу), 1000 м (ерлер, іріктеу), аралас эстафета (алдын ала кезең).
Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова.
15:15 – Фристайл-могул, бірінші іріктеу (ерлер).
Павел Колмаков.
17:30 – Биатлон, жеке жарыс (ерлер).
Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов.
18:15 – Фристайл-могул, бірінші іріктеу (әйелдер).
Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова.
22:30 – Мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (ерлер).
Михаил Шайдоров.
Айта кетейік, ел спортшылары әзірге Милан – Кортина Олимпиадасында әлі жүлде еншілеген жоқ. Бүгінге дейінгі жарыс жолына назар салсақ, ел құрамасы сапынан жүлдеге ең жақын болған – Надежда Морозова. Ол конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта 6-шы орынға табан тіреді.