Оқиға
1 мин оқу 40

Астана халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр

<p>Астана әуежайында жоспарланған 72 рейстің 10-ы кешігіп жатыр. Сондай-ақ 74 ұшып келу рейсінің 8-і уақытынан кеш орындалған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Әуежай өкілдерінің мәліметінше, кідірістер қолайсыз ауа райына байланысты болып отыр. Соның салдарынан әуе кемелерін арнайы сұйықтықпен өңдеу (деайсинг) жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр.

«Ұшу-қону жолағын, перронды және рулеж жолдарын тазалау жұмыстары тұрақты түрде жалғасады. Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.

«Жарылғыш зат бар»: Атырау әуежайында жолаушылар эвакуацияланды

Бөлісу: