Ауа райы
2 мин оқу 20

Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды

<p data-start="149" data-end="359">Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; ұлттық компаниясына сілтеме жасап.</p>

Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды

10 ақпан күні сағат 17:00-де ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Ақмола облысы:

  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 км аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы);

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 537-552 км аралығы (Бузулук ауылы – Сұрған ауылы);

  • «Жақсы – Есіл – Бузулук» автожолының 71-82 км аралығы (Ақсай ауылы – Бузулук ауылы).

Қостанай облысы:

  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232 км аралығы (Тобыл қаласы — Ақмола облысының шекарасы);

  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 385-501 км аралығы (Денисовка ауылы – Рудный қаласы);

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 км аралығы (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы).

Павлодар облысы:

  • «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолының 0-263 км аралығы (Атамекен ауылы – РФ шекарасы);

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» автожолының 191-390 км аралығы (Мичурино ауылы – РФ шекарасы);

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 км аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті);

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Шарбақты өткізу пункті)» автожолының 0-152 км аралығы (Павлодар қаласы – РФ шекарасы).

Ақтөбе облысы:

  • «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-389 км аралығы (Қандыағаш қаласы – Ырғыз ауылы).

Абай облысы:

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 683-768 км аралығы (Таскескен ауылы – Аягөз қаласы).

Жолдар шамамен 11 ақпан күні сағат 09:00-де ашылады.

Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар