Қоғам
1 мин оқу 30

Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады

<p>Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады

Осыған орай, 2026 жылғы 2 маусымнан бастап қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.

«Жаңа әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді деп күтіліп жатыр», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Өскемен және Үрімші қалалары арасында әуе рейсі ашылуы мүмкін екендігін хабарлаған едік. 

Бөлісу:
Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар