Қоғам
2 мин оқу 50

Спортқа серпін беретін бағдарлама

<p style="text-align: left;">Спортты дамыту енді медаль саны немесе ин&shy;фрақұрылыммен өл&shy;шен&shy;бейді. Қазіргі спорт &ndash; басқару мәдениеті, көшбасшылық және ұлт&shy;тық деңгейдегі күр&shy;делі экожүйені тиімді ұйымдастыру қабіле&shy;тін де қамтиды. Дәл осы сұранысқа жа&shy;уап ретінде Қазақ ұлт&shy;&shy;тық спорт уни&shy;вер&shy;ситеті мен Фран&shy;циядағы klore-ED School of Management бірлесіп әзірлеген қос дипломды &laquo;Executive MBA in Sport Manage&shy;ment&raquo; бағ&shy;дарламасы іске қосылды.</p>

Спортқа серпін беретін бағдарлама

Аталған бағдарлама еліміздің спорт сала­сында ұзақ жыл­дар бойы жинақталған құры­лымдық мәселені – ха­лық­­аралық, олимпиадалық және ком­мерциялық деңгейде жұмыс істей алатын кәсіби бас­қарушы кадрлардың тап­шылығын шешуге бағыт­тал­ған. Стратегиялық жоспар­лау, қаржылық басқару, цифр­лық трансформация, халық­аралық қатынастар, демеу­шілік жүйелерді дамыту және этикалық көшбасшылық – жү­йелі білім беру арқылы қалып­тасатын дағдылар. Осы тұр­ғыдан алғанда, «EMBA in Sport Management» бағдар­ламасының еліміз үшін ма­ңызы бірнеше стратегиялық факторлармен айқындала­ды. Аталған бағдарламаның «Executive MBA» форматы – жобаның басты артықшы­лығы. Ол спорт федерациялары­­ның басшыларына, клуб менеджерлері­не, сая­саткерлер­ге және кәсіби спорттан бас­қару саласына өткен бұрын­ғы спорт­шы­ларға арналған. Нәти­же­сін­де, алынған білім қағаз жү­зінде қалып қоймай, нақты институционалдық өзге­ріс­терге ұласады.

«Оқу бағдарламасы екі оқу орны тарапынан бір­лесіп әзірленген: курстың 50 пайызы Қазақ ұлттық спорт университетінде, ал 50 пайызы Франциядағы Éklore-ED School of Management базасында онлайн және офлайн форматта оқытылады. Бағдарлама аясында түлектер Францияда 10 күндік тағылымдамадан өтеді. Бұл тәжірибе компа­нияларға бару, шеберлік сабақ­тары және Париж қала­сында өтетін салтанатты дип­лом табыстау рәсімін қам­тиды», дейді Франциядағы Éklore университетінің халық­аралық серіктес өкілі Улисс Уврьё. Оның айтуынша, түлек­тер мемлекеттік білім беру ба­сымдықтарына сәйкес ұлт­тық диплом және Éklore-ED School of Management тарапынан берілетін халықаралық деңгейде танылған диплом алады. Бұл жоба отандық спорт менеджерлерінің халық­аралық басқару стандарттарына сай даярлануын қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің спорт жүйесіне деген сыртқы сенімді де арттырады.

Бөлісу: