Ақтоғай ауруханасына 6 жаңа санитарлық автокөлік берілді
<p>Жақында Ақтоғай ауданының әкімі Абылай Аманжолов «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аудандық орталық ауруханаға алты жаңа санитарлық автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа автокөліктер аудан орталығындағы аурухана мен Шашубай, Шұбартау, Қарабұлақ, Шабанбай би және Жидебай ауылдық округтеріндегі медициналық пункттерге жеткізіледі. Олар тұрғындарға жедел әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.
Іс-шараға аудан әкімімен қатар қоғамдық ұйым өкілдері де қатысып, медицина қызметкерлерін құттықтап, тұрғындарға ізгі тілектерін білдірді. Абылай Аманжолов жаңа автокөліктер ауыл халқының денсаулығын қорғауда және медициналық көмекті уақытылы көрсету тұрғысынан маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Түркістан облысының жедел-жәрдем қызметі 77 көлікпен толықты
Айта кетейік, бұл бастама Президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Жоба ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.