Ата заң
2 мин оқу 50

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда қанша адам дауыс бере алады?

<p data-start="78" data-end="292">Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жаңа Конституцияның жобасы бойынша референдумға қанша азамат қатыса алатыны айтылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда қанша адам дауыс бере алады?

«Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген 12 416 759 азамат сайлаушылар тізіліміне енгізілді. Яғни бүгінде республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін жасауға негіз бар. Енді тек қаңтар-ақпан айларындағы көші-қон үдерістеріне және азаматтардан түскен өтініштерге байланысты нақты түзетулер енгізу қажет», деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов.

Оның айтуынша, референдумды ұйымдастыру үшін сайлау учаскелерінің екі түрі пайдаланылады – азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және уақытша болатын орындарда құрылған учаскелер.

«Жалпы сайлау учаскелерінің саны – 10 413. Оның ішінде азаматтардың тіркелген жері бойынша – 9 779, уақытша болатын орындарда – 634, соның ішінде шетелдегі учаскелер саны – 82. Бұл 82 учаске 64 мемлекетте орналасқан. Референдум комиссиялары мүшелерінің жалпы саны – 71 044 адам», деп атап өтті комиссия мүшесі.

Отырыста 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойған еді.

Бөлісу: