Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
<p>Қасым-Жомарт Тоқаев Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған атыс салдарынан жазықсыз адамдардың қаза табуына байланысты Канада Премьер-министрі Марк Карниге көңіл айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

«Қазақстан Президенті Канада халқының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, қайтыс болған азаматтардың отбасыларын сабырға шақырды, сондай-ақ зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.