Аймақтар
1 мин оқу 20
Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды
<p>Шет ауданының Нұра ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Енді ауыл тұрғындары футзал, жекпе-жек, фитнес және басқа да спорт түрлерімен жыл бойы айналыса алады. Нысан 200 адамға арналған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа кешенді Sary-Arka Copper Processing компаниясы салған. Нысан жабдықталу сапасы бойынша қалалық спорт кешендерінен кем түспейді.
Кешенде әмбебап спорт залы, тренажер залы, жекпе-жек және күштік жаттығулар залдары бар. Мұнда жаттығулармен қатар жарыстар өткізуге мүмкіндік жасалған.
Жаңа нысан ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады.
Бөлісу: