Аймақтар
1 мин оқу 20

Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді

<p><strong>Жасыл желекке оранған Төр Алтайдың табиғатын қызғыштай қору, қорғау әркімнің жауапкершілігінде. Десе де, тілсіз жаудан қорғану үшін Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне су жаңа өрт сөндіру техникаларын табысталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде 2023 жылдан бастап өртке қарсы жабдықтарды жаңғырту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарламаның мақсаты – орман және табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын толық жаңарту және өрт қауіпсіздігін күшейту.

Аталған бағдарлама аясында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесіне жаңа 9 бірлік орман өртін сөндіру техникасы табысталды.

Катонқарағайдағы әуежай құрылысы қашан аяқталады?

сс

Әрбір техника қозғалыс кезінде өрт сөндіруге мүмкіндік беретін қуатты өрт сорғысымен, сыйымдылығы 3 м³ суға арналған цистернамен, сондай-ақ өрт-техникалық жабдықтардың толық жиынтығымен, жеке қорғаныс және радиобайланыс құралдарымен жабдықталған.

Катонқарағай ауданында  жаңадан асфальт-бетон зауыты бой көтерді

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар