Аймақтар
1 мин оқу 10

Алматыда жер сілкінісінен кейін арнайы учаскелер тексерілді

<p><strong>Бүгін сағат шамамен 15:11-де Алматы қаласы мен Алматы, Жетісу облыстарында жер сілкінісі тіркелді.&nbsp;ТЖМ &laquo;Сейсмологиялык зерттеу институты&raquo; ЖШС мәліметінше, аталған аймақтарда жер сілкінісі 2-4 балл аралығында сезілген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алматыда жер сілкінісінен кейін арнайы учаскелер тексерілді

Жер сілкінісінен кейін ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қауіпі бар учаскелерге мониторинг жүргізген. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстары жүргізілген.

ТЖМ мәліметінше, тексеру нәтижелері бойынша нысандарға зақым келмеген. Сондай-ақ аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Басқа да ғимараттар әкімшіліктерінен нысандардың қирауы мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.

Бұған дейін 5 ақпан күні Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелген еді.

Бөлісу: