Ауа райы
1 мин оқу 20

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

<div class="description">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері ертең, 2026 жылғы 18 ақпанға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</div>

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мәліметінше, елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының және оған қатысты атмосфералық фронттардың әсері басым болады.

«Кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын түсіп, боран және көктайғақ болуы мүмкін», деп хабарлады «Қазгидромет» баспасөз қызметі.

Ал оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде, антициклонның әсері сақталғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар, республиканың барлық аумағында тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.

Бөлісу:
Ертең елімізде ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар