Теннис
1 мин оқу 10

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады

<p>Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы <span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">Елена Рыбакина</span></span> Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы әйелдер арасындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады

Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған спортшы жарыста бірінші нөмірлі болып тіркелді. Себебі Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемнің бірінші және екінші ракеткалары – беларусьтік Арина Соболенко мен польшалық Ига Швентек өнер көрсетпейді.

Елена Рыбакина екінші айналымға өтті. Бұл кезеңде оның қарсыласы аустралиялық Кимберли Биррелл болды. Матч екі сетте 1:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Матч барысында Рыбакина алты эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. 

Үшінші айналымда қазақстандық спортшы әлемнің 67-ракеткасы, хорватиялық Антония Ружичпен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы ширек финалға жолдама алады.

Бөлісу: